Веб әзірлеу
Біз түрлі масштаб пен кез келген салаға байланысты веб сайттарды мұқият жобалап, сызып, әзірлейміз. Нәтижесінде әрқашан тамаша нәтижелерге қол жеткіземіз.
Клиенттеріміздің қандай тапсырмаларын орындаймыз

Құрылымы мен навигациясын ойластырамыз. Пайдаланушы қолдануға ыңғайлы болатын, анимациясы бар макеттер жасаймыз.

Деректер базасын жобалап, ыңғайлы басқару панелін әзірлейміз. Және де бэкенд пен фронтэндті API методтарымен байланыстырамыз.

Фронтэндте API методтарын еңгізіп, сыртқы сервистермен интеграциясын жасаймыз (CRM, онайлн-төлем. аналитика)
Жоба мысалдары

Beerteka мейрамханасының веб-сайты
Бағаны бекітеміз
Жұмыс басталғаннан кейін жобаны әзірлеу келісілген бағадан өспейтініне кепілдік береміз.
Мерзімге кепілдік береміз
Келісімшартта әрбір кешіктірілген күн үшін айыппұлдар қарастырылған. Бұл туралы уайымдаудың қажеті жоқ.
Заманауи технологиялар
Біздің жобалар қолданысқа берілгеннен кейін технологиясы бойынша 5 жылдан аса заманға сай болып келеді.
Жиі қойылатын сұрақтар
Вебсайт жасау қанша тұрады?
Жоба бағасы сол жобаны әзірлеуге кеткен уақытқа және мамандар санына байланысты анықталады. Біздегі жобаны әзірлеу бағасы 5000 доллардан басталады. Алайды соңғы бірнеше жыл бойы жобалардың орташа бағасы 15 000 долларға жетіп отыр. Кей жобаларды 3 маман екі аптада бітіріп тастайды, ал кейбір жобаларды 7 маман жарты жыл бойы жасайды. Өзіңіздің жобаңыз жайлы қысқаша айтып өтсеңіз, біз жоспарлы бағасын бүгін айтып береміз.
Қандай технологияларды қолданасыздар?
Біз тек ең заманауи технологияларды (бағдарламалау тілдері, фреймворктар, бағдарламалар) пайдаланамыз. Сондықтан біздің код қолданысқа берілгеннен кейін технологиясы бойынша 5 жылдан аса заманға сай болып келеді. Демек клиенттеріміз ертең жобаны өзгерткісі не модернизациялаған кезде еш қиындық көрмейді. Фронтэндті Swift, Kotlin және Vue.js-те жазамыз. Бэкендті Laravel немесе Python-да, деректер базасын PostgreSQL/MySQL + Redis/MongoDB-да жазамыз.
Төлем шарттары және нәтижені қабылдау процесі қандай?
Біз спринттермер жұмыс жасаймыз. Жоба 3-5 этапқа бөлінеді (ұзақтығына байланысты). Біз клиентке әр этапта орындалатын жұмыстың тізімін береміз. Әр этап басталарда клиент сол этаптың бағасының 50% төлейді. Этап бітіп, нәтижені қабылдаған кезде клиент сол этаптың қалған 50% төлейді. Сіз осылайша бізбен жқмысты арзан бастап, процесті оңай бағалап отыра аласыз. Сонымен қатар біз әрдайым жеке төлем шарттарын қарастыруға дайынбыз.
Жүргізіліп жатқан бөтен жобаны әзірлеуге келісесіздер ме?
Бұл жеке шешілетін мәселе және де түрлі жағдайларға байланысты. Кейде жобаны басынан бастап қайта жасаған ұтымдырақ болады. Сонымен бірге кейде біз жұмыс істеп тұрған немесе әлі әзірленіп жатқан жобаларға техникалық қызмет көрсетіп, оларды өзгерту немесе модернизациялауға келісеміз.
Жоба біткенде әрі қарай техникалық қолдау көрсетесіздер ме? Ол қанша тұрады?
Жоба аяқталғаннан кейін біз 6 ай бойы тегін техникалық қолдау көрсетеміз. Бұл уақыт тестілеу кезеңінде анықталмаған шағын қателерді жою үшін жеткілікті. 6 айдан кейін көрсетілетін техникалық қызметті не модернизациялау қызметтерін жаңа келісім-шартпен талқылай аламыз. Бізде айына белгіленген немесе минималды баға жоқ. Барлығы жақсартуларды жүзеге асыруға жұмсалған қажетті уақыт негізінде саналады.
Дұрыс шешім қабылдауға бір қадам қалды. Өтінім қалдырыңыз, біз сізбен хабарласамыз.
Әрі қарай не болады?
01
Алдағы 6 сағат ішінде
Біз сізбен хабарласып, өтінімнің қабылданғанын растаймыз
02
Бір күн ішінде
Әзірлеу мерзімі мен құнын алдын ала есептейміз
03
Тағы 1-2 күн ішінде
Барлық нюанс пен деталін нақтылаймыз.
04
Бастаймыз!
Келісім-шартқа қол қойып, жобаны әзірлеуді бастаймыз.