Мобильді қосымшалар әзірлеу

Біз Еуропада 2012 жылы мобильді қосымша әзірлейтін алғашқылардың бірі болдық. Содан бері көп нәрсе өзгерімен, бір нәрсе өзгермеді – біз әлі де керемет қосымшалар әзірлейміз.

Kotlin
Swift
Java
SwiftUI
ObjC

Екі платформада

iOS
Android

Кез келген функционал

Мобильді қосымшалар әзірлелен 12 жыл ішінде біз түрлі тапсырмаларды орындадық. Біз төменде аталғандардың барлығын әзірледік.

E-mail, әлеуметтік желі және SMS арқылы авторизация

Фотосуреттерді өңдеу, фильтрмен бірге

Видеоны өңдеу

Карталармен жұмыс жасау

Аудио және видео стриминг

Сатып алу мен жазылу мүмкіндігі

.csv, .xml, .pdf және басқа да файлдар генерациясы

Чат жасау

Әлеуметтік желілерге бөлісу

Жарнама платформаларының интеграциясы

Мультитілділік

Өнім және файл каталогтары

Пуш нотификациялар

TouchID және FaceID-мен жұмыс

QR кодтың генерациясы және сканерлеуі

Мобильді қосымша әзірлеудің негізгі этаптары

01

UI/UX әзірлеу

Навигацияны ойластыру, прототиптеу және макеттерді әзірлеу. Анимациялар мен визуалды эффектілерді әзірлеу.

02

Backend development

Деректер базасын, басқару панелін және API методтарын әзірлеу. Сыртқы сервистермен интеграция.

03

Mobile development

Қосымшаны iOS және Android құрылғыларында нативті әзірлеу. Құрылғы жағындағы логика. Локалды деректер базасымен жұмыс.

04

API integrations

Сервермен және сыртқы сервистермен API арқылы интеграция. Аналитика сервистерін іске қосу.

05

Promo & Launch

Қосымшаның қателерін тауып түзеу. Жарнамалық материалдарды әзірлеу және AppStore мен GooglePlay-ге шығару.

Жоба мысалдары

Мобильді қосымшаны әзірлеушілердің салыстырмасы

Сіздің жобаңызды жүзеге асырудың түрлі жолдарын мамандардың қатысуымен сипаттау.

Фриланс

  • $2000 доллардан жоғары
  • 1 айдан аса (келісімде солай, ал шынына келгенде жоба мерзімі белгісіз)
  • Бірнеше фрилансердің жұмысын бір уақытта басқарып жүру керек болады
  • Нәтижеге жететіндігіне кепілдік не келісім шарт болмайды
  • Жоба мерзіміне кепілдік болмайды

Эконом

  • $3000 доллардан жоғары
  • 2 айдан аса
  • Жоба мерзімі мен сапасына кепілдік жоқ
  • Коммуникацияда проблемалар туындайды
  • Жоба бағасының өсуінде тәуекел бар
  • $5000 доллардан жоғары
  • 6 айдан аса
  • Жоба сапасына кепілдік
  • Жоба мерзіміне кепілдік
  • Тегін техникалық қолдау көрсету – жоба біткеннен кейін 6 ай бойы
  • Ыңғайлы төлем шарттары, процесті толық бақылау
  • Ертеінен бастап сіздің жобаңызға кірісе аламыз
Жобаны талқылау

Жоғары бюджетті

  • $20 000 доллардан жоғары
  • 3 айдан аса
  • Жоба сапасына және мерзіміне кепілдік
  • Тым көп бюрократия
  • Жоба кем дегенде бір аптадан кейін басталады

Бағаны бекітеміз

Жұмыс басталғаннан кейін жобаны әзірлеу келісілген бағадан өспейтініне кепілдік береміз.

Мерзімге кепілдік береміз

Келісімшартта әрбір кешіктірілген күн үшін айыппұлдар қарастырылған. Бұл туралы уайымдаудың қажеті жоқ.

Заманауи технологиялар

Біздің жобалар қолданысқа берілгеннен кейін технологиясы бойынша 5 жылдан аса заманға сай болып келеді.

Жиі қойылатын сұрақтар

Мобильді қосымшамды жасау қанша тұрады?

Жоба бағасы сол жобаны әзірлеуге кеткен уақытқа және мамандар санына байланысты анықталады. Біздегі жобаны әзірлеу бағасы 5000 доллардан басталады. Алайды соңғы бірнеше жыл бойы жобалардың орташа бағасы 15 000 долларға жетіп отыр. Кей жобаларды 3 маман екі аптада бітіріп тастайды, ал кейбір жобаларды 7 маман жарты жыл бойы жасайды. Өзіңіздің жобаңыз жайлы қысқаша айтып өтсеңіз, біз жоспарлы бағасын бүгін айтып береміз.

Қандай технологияларды қолданасыздар?

Біз тек ең заманауи технологияларды (бағдарламалау тілдері, фреймворктар, бағдарламалар) пайдаланамыз. Сондықтан біздің код қолданысқа берілгеннен кейін технологиясы бойынша 5 жылдан аса заманға сай болып келеді. Демек клиенттеріміз ертең жобаны өзгерткісі не модернизациялаған кезде еш қиындық көрмейді. Фронтэндті Swift, Kotlin және Vue.js-те жазамыз. Бэкендті Laravel немесе Python-да, деректер базасын PostgreSQL/MySQL + Redis/MongoDB-да жазамыз.

Төлем шарттары және нәтижені қабылдау процесі қандай?

Біз спринттермер жұмыс жасаймыз. Жоба 3-5 этапқа бөлінеді (ұзақтығына байланысты). Біз клиентке әр этапта орындалатын жұмыстың тізімін береміз. Әр этап басталарда клиент сол этаптың бағасының 50% төлейді. Этап бітіп, нәтижені қабылдаған кезде клиент сол этаптың қалған 50% төлейді. Сіз осылайша бізбен жқмысты арзан бастап, процесті оңай бағалап отыра аласыз. Сонымен қатар біз әрдайым жеке төлем шарттарын қарастыруға дайынбыз.

Жүргізіліп жатқан бөтен жобаны әзірлеуге келісесіздер ме?

Бұл жеке шешілетін мәселе және де түрлі жағдайларға байланысты. Кейде жобаны басынан бастап қайта жасаған ұтымдырақ болады. Сонымен бірге кейде біз жұмыс істеп тұрған немесе әлі әзірленіп жатқан жобаларға техникалық қызмет көрсетіп, оларды өзгерту немесе модернизациялауға келісеміз.

Жоба біткенде әрі қарай техникалық қолдау көрсетесіздер ме? Ол қанша тұрады?

Жоба аяқталғаннан кейін біз 6 ай бойы тегін техникалық қолдау көрсетеміз. Бұл уақыт тестілеу кезеңінде анықталмаған шағын қателерді жою үшін жеткілікті. 6 айдан кейін көрсетілетін техникалық қызметті не модернизациялау қызметтерін жаңа келісім-шартпен талқылай аламыз. Бізде айына белгіленген немесе минималды баға жоқ. Барлығы жақсартуларды жүзеге асыруға жұмсалған қажетті уақыт негізінде саналады.